Ердос Рахымбеков: Домбыраның жасалу жолдары туралы ғылыми еңбек жазбақпын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ердос Рахымбеков: Домбыраның жасалу жолдары туралы ғылыми еңбек жазбақпын

09.10.2014
Ердос Рахымбеков: Домбыраның жасалу жолдары туралы ғылыми еңбек жазбақпын

«Назғыз қазақ қазақ емес

Нағыз қазақ – домбыра!». Қазақты домбырасыз елестету қиын. Бүгінде домбыра жасайтындар көп-ақ. Алайда, өз ісін жетік білетін, нағыз шеберлер саусақпен санарлықтай ғана. Солардың бірі – өнер әлемінде есімі көпшілікке таныс Жолаушы Тұрдығұловтың шәкірті Ердос Рахымбеков.

Ол домбыра жасаушы шеберлердің халықаралық «Үкілі домбыра» байқауының жүлдегері. Ал, 2010 жылы халықаралық «Ортеке» байқауының бас жүлдесіне ие болған. Шебер тек домбыра жасаумен шектелмей, жинақтаған тәжірибесі мен білімін жастарға үйретіп жүрген ұстаз.

«Домбыра жасау өнерімен 20 жылдан бері айналысып келемін. Біраз жетістікке де жеттім. Енді осыны келешекте ғылыми жоба ретінде жазып қалдыру ойда жүр. Бар білгенімді қағазға түсірсем деген мақсат бар»,-дейді шебер.

Ердос Рахымбеков домбыра жасай ісін жоғары деңгейге көтерсем, дейді. Шебердің айтуынша, әлемдік деңгейдегі музыкалық аспап скрипканы жасау жұмыстары әбден жетілдірілген.

Соның арқасында бірнеше миллион долларға бағаланып жатады. Домбыраны да дәл сондай құнды музыкалық аспапқа айналдыруымыз керек. Осы мақсатта шебер өзі жасайтын домбыраға қажетті ағаштарды әлемнің әр түкпірінен алдырады.

«Домбыра жасау – «инемен құдық қазғандай». Басынан аяғына дейін бар жаныңды салып, ең соңында тиек, пернесін тағып, сөйлеткен кезде бір минуттың ішінде шаршағаның ұмытылады. Домбыраның сондай құдыреті бар»,-дейді Ердос Рахымбеков.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу