Еліміздегі демалыс лагерлерінде болған екібастұздық оқушылар үйлеріне оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі демалыс лагерлерінде болған екібастұздық оқушылар үйлеріне оралды

10.01.2023

Еліміздегі демалыс лагерлерінде болған 1300-ге жуық екібастұздық оқушы үйлеріне оралды. Олар қысқы демалысын Абай, Түркістан, Ақмола облысы мен Алматы қаласындағы сауықтыру орталықтарында өткізді.

Бұл сапар Екібастұзда болған төтенше жағдайдан кейін балалардың көңілін сергіту мақсатында ұйымдастырылды. Лагерьге 13 мектептің 5-11 сынып оқушылары барды. Демалыс орындарына жолдаманы демеушілер және республикалық «Аманат» партиясының өңірлік филиалдары алып берген. 

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу