Павлодарда пара алған мемқызметкерлерге қатысты сот басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда пара алған мемқызметкерлерге қатысты сот басталды

05.09.2019

Павлодарда сыбайлас жемқорлыққа жол берген мемлекеттік кірістер департаментінің жоғары лауазымды қызметкерлеріне қатысты сот отырысы басталды. Естеріңізге сала кетейік, олар 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікке ілігіп, өткен жылдың қыркүйек айында ұсталған болатын. Қызметтік кабинеттері мен пәтерлерін тінту барысында 160 мың доллар, 10 млн 500 мың теңге және швейцарияда жасалған 9 қымбат сағат табылды. 

Күдіктілерді ұстауға елордадан ұлттық бюроның арнайы жедел тобы жіберілді. Қылмыстық деректі анықтауға екібастұздық белгілі кәсіпкер, жеке банк пен біренеше көмір кеніштерінің иесі Тасболат Абғожиновтың арызы сеп болған. Яғни, істі болған үшеу салық органдарына 1 млрд теңгеден астам қарызы болған бизнесменді пара беруге мәжбүрлеген. Бүгін осы іске қатысы бар куәгерлерден жауап алынды. Бастапқыда қамауға алынған күдіктілер қазіргі уақытта кепілге ақша қалдырып, үйлеріне шығарылғаны белгілі болды. Сот процесі жалғасып жатыр.

Болат АМАНБАЕВ 

Хабарламаларға жазылу