Қызылорда облысында 8 мектептің директоры мен есепшілері қаржы жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында 8 мектептің директоры мен есепшілері қаржы жымқырған

09.01.2023

Қызылорда облысында білім ордаларынан былық шықты. Аймақтағы сегіз мектептің директоры мен есепшілері ірі мөлшерде мемлекет қаржысын жымқырғаны анықталды. Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр.

Алты заңбұзушылық дерек бір ғана Жаңақорған ауданында тіркеліп отыр. Жауаптылар мектепте мүлдем жұмыс істемейтін тұлғаларға еңбекақы аударып, құжат бойынша бұрмалап келген.

Сондай-ақ Қызылорда қаласындағы №112 мектептің күзетшісіне бір айда 6 миллион теңге үстемақы төленген. Осындай сыбайлас жемқорлық деректерінен кейін облыстағы барлық білім ошақтарына жіті тексеру жүргізілмек.

Асылхан Ашықов, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

Тек бір ғана №51 орта мектеп бойынша ұрланған қаражат көлемі 117 миллион теңгені құрайды. Аталған құқық бұзушылықтар жауапты тұлғалармен еңбекақы қоры қаражаттарын төлеу барысында тиісті ақпаратты жүйелердің кемшіліктерін пайдалана отырып жасаған деген негіздер бар.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу