Сенат сайлауы: Қызылорда облысынан 3 үміткер тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат сайлауы: Қызылорда облысынан 3 үміткер тіркелді

06.01.2023

Қызылорда облысынан алдағы Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына үш үміткер тіркелді. Жалпы аймаққа бір мандат берілген. Сайлау алдында өңірден 8 кандидат өзін-өзі ұсынған болатын. Бірақ 5 үміткер тіркеуден өтпей қалды.

Қазіргі таңда облыстық Сайлау комиссиясы нақты 3 кандидатты тіркеген. Бүгінде олар үгіт-насихат жұмысын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ таңдау жасайтын жергілікті Мәслихат депутаттарының тізімі де белгілі болды.

Ғалым Баймұрзаев, облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы:

Облыстық сайлау комиссиясымен таңдаушылардың тізімі жарияланып, дауыс беруге қатысатын Мәслихаттардын 147 депутатының 1 пайызын қоса алғанда 148 сайлау бюллетенін әзірлеу туралы қаулы қабылданды.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу