БҚО-да тұтынушылардың ақшасы қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да тұтынушылардың ақшасы қайтарылды

30.12.2022

Батыс Қазақстан облысында сапасыз тауар мен қызмет үшін 104 млнға жуық теңге тұтынушыларға қайтарылды. Жалпы бір жылда тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне 500-ден астам өтініш түскен, оның тең жартысынан астамы оң шешілді.

Сатып алушының құқығын бұзу дерегі бойынша ірі және орта бизнеске жоспардан тыс 11 тексеру жүргізілген. Нәтижесінде алты кәсіпкерге айыппұл салынып, қалғандарына ескерту мен ұйғарым берілген. Мекеме ондаған тұрғынның атынан екі ірі кәсіпкерді сапасыз тауары үшін сотқа беріп, ақшасын қайтарып алуға сеп болды.

Эльмира Қиматова, облыстық Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы:

Департамент жүргізген барлық жұмыстардың нәтижелері бойынша тұтынушыларға сапасыз көрсетілген қызмет үшін ақшалай қаражатты қайтаруға жәрдем көрсетілді. Тұтынушыларға ақшалай қаражатты қайтарудың жалпы сомасы 103 млн 879 мың теңгені құрады, 30-дан астам жағдайда тауар ауыстырды.

Хабарламаларға жазылу