«Астана банкінен» қаражатты қайтару мерзімі ұзарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана банкінен» қаражатты қайтару мерзімі ұзарды

28.01.2021

«Астана банкінде» қалған қаражатыңызды енді 29 шілдеге дейін қайтара аласыз. Банктегі салымшылардың ақшасын қайтару мерзімі тағы жарты жылға ұзартылды. Қазір «Астана банкінде» 207 мыңнан аса адамның ақшасы жатыр. Жалпы сомасы – 423 млн теңге. 331 адамның депозитінде 100 мыңнан аса қаражат бар. Агент банк арқылы әзірге 60 мыңнан аса салымшының ақшасы қайтарылды. Лицензиясынан айырылған банктегі капиталды қайтару үшін Еуразиялық банк бөлімшелеріне жүгінуге болады.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу