Жамбыл облысында 137 сиырды ұрлағандар ұсталды
Жамбыл облысында 1 жылға жетер-жетпес уақытта 137 сиырды ұрлаған күдіктілер ұсталды. Қылмысты асыл тұқымды ірі-қара өсіретін шаруашылықтағы малшы мен көрші шаруа қожалығының басқарушысы бірлесіп жасаған. Яғни күдіктінің бірі ұрлықты алдын ала жоспарлап, екі табын сиырды әдейі қосып баққан.
Ал кешке малды бөлерде бірнеше сиырды сыбайласының табынына қосып жіберіп отырған. Кейін оларды сатып, оңай жолмен ақша табуды әдетке айналдырған. Күдіктілер қожалық иесіне 110 миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Қордай аудандық полиция бөлімі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалып, тергеу басталды. Мал ұрлағандар 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Нұрдос Сембек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15