Жамбыл облысында заңсыз алтын өндірген цех табылды
Жамбыл облысында заңсыз алтын өндірген цех табылды. Жер астына жасырылған өндірісті полицейлер анықтады.
Тәртіп сақшылары аудан орталығындағы жеке тұрғын үйді тексеру барысында диірмен, кен қалдықтары мен сынапты сұйықтық және 2 үлкен қазандық пен 10 тоннаға жуық құрамында алтын бар кен тапқан. Сондай-ақ, цехта 30 және 58 жастағы екі жұмысшы болған. Іздестіру шаралары нәтижесінде жасырын цехтың қожайыны ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Бұл - Жамбыл облысында жыл басынан бері заңсыз алтын өндіру бойынша тіркелген екінші қылмыстық оқиға.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Олимпиакосқа» есе жіберді
10.12.2025, 10:08
«Алатау әуендері» Брюссельде өнер көрсетті
10.12.2025, 10:06
Түркістан қаласында «ECO Action» экологиялық акциясы өтті
10.12.2025, 10:06
Ардагерлер сыбайлас жемқорлықпен күреске атсалысады
10.12.2025, 10:05
ШҚО-да қарлы бораннан бірнеше жол жабық тұр
10.12.2025, 10:04
Литва үкіметі төтенше жағдай жариялады
10.12.2025, 10:03
Австралияда әлеуметтік желіге қатысты тыйым күшіне енді
10.12.2025, 10:03
Электрлі самокат тізгіндегендер үшін айыппұлдардың көлемі белгілі болды
10.12.2025, 10:02