Түркістан облысында мал ұрлағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында мал ұрлағандар ұсталды

31.10.2019

Өзгенің малын жайылымда жүрген жерінен сойып, етін сататын қылмыстық топ ұсталды. Арыс аудандық полиция басқармасына жоқ іздеген ондаған адам арызданған. Полицейлер тұрғындар арасынан көмекші топ жасақтап, жедел іздестіруге кіріскен. Алдымен олар жайылымда иесіз қалған көлікті табады. Одан балта мен пышақ секілді айғақтар табылады. Дәл сол күні көліктің иесі анықталып, ізіне түседі. Көп ұзамай малдың етін артып, сататын екінші бір жеңіл көлік тәркіленді. 

Ал бірінші күдікті Шымкентте жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталды. Ертесіне ұсталғандардың тағы екі сыбайласы қолға түсті. Олар Арыс пен Қазығұрт арасында жайылып жүрген ірі қара мен ұсақ малдарды сол арада сойып, етін өз көліктерімен Шымкенттегі базарлардың біріне тасып отырған. Полицейлер мал етін сатып алушыны да ұстады. Бүгіннің өзінде олардың Қазығұрт ауданында болған 12 мал ұрлығына, Сарыағаш ауданындағы 7 жайтқа, Арыстағы 10-ға жуық қылмысқа қатысы бары анықталды. 

Салтанат Қаракөзова, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Мүмкін бұл азаматтар басқа да мал ұрлығына қатысты бар деген күдікпен тексеріп жатыр.

Хабарламаларға жазылу