Шығыстағы таулы аймақтарда қар көшкіні қаупі бар
Шығыстағы таулы аймақтарда қар көшкіні қауіп төндіріп тұр. Сондықтан «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары құтқарушыларымен бірлесіп, Алтай, №Самар және Қатонқарағай бағытындағы автокөлік жолдарының бойындағы қарды жасанды жарылыс арқылы үздіксіз құлатып келеді.
Бүгінге дейін тау беткейлерінен 34 мың текше метр қар түсірілген. Тек соңғы бір аптада «Алтай-Өскемен» тасжолының бойында жарылыс арқылы үш рет қар көшкіні түсірілді. Мамандар биыл таулы аудандардағы қардың қалыңдығы қазірдің өзінде 3-4 метрге жетіп қалғанын айтады.
Өңірде қар көшкіні түсетін аумақтарда 100-ден аса елдімекен қоныстанған. Ал Алтайда қыс аз дегенде әлі алты айға созылады.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30