Президент шахматтан Әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент шахматтан Әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны қабылдады

31.01.2022

Мемлекет басшысы шахматтан Әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Варшавада өткен Әлем чемпионатында шахматтың «блиц» түрінен алтын және «рапид» бойынша күміс медаль иеленген жас спортшыны жарқын жеңісімен құттықтады. Бибісара Асаубаева Президентке қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, спорттағы мансабына қатысты алдағы жоспарымен бөлісті.

Ал Мемлекет басшысы Бибісараның ел намысын келешекте де лайықты қорғай беретініне сенімді екенін айтып, жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.

Хабарламаларға жазылу