Елімізде жыл басынан бері 402 мың нәресте дүниеге келді
Елімізде жыл басынан бері 402 мың нәресте дүниеге келді. Жыл санап, туу көрсеткіші өсіп келеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі мәлімдеді. Оның сөзінше, елімізде 249 перзентхана бар. 39 перинаталды орталық пен 49 балаларды оңалту орталығы жұмыс істейді. Бес жарым мыңдай медициналық нысан балаларға амбулаториялық қызмет көрсетеді. Бұл орталықтар жоғары технологиялармен қамтылған. Биыл балаларға 118 млн консультациялық-диагностикалық қабылдау жүргізілген .
Вячеслав Дудник, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:
Мемлекет басшысы халыққа жолдауында бақытты балалық шақ пен өскелең ұрпақтың болашағын қамту жалпыұлттық міндет екенін баса айтты. Бала мен ана саулығы біздің ведомствоның басты міндеттерінің бірі. Өздеріңіз білетіндей, биыл елімізде балалар жылы аталып өтілуде. Балаларға медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетіледі.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Белгілі журналист Қырықбай Аллаберген атындағы медиа зертхана ашылды
22.05.2026, 20:59
«Кітап оқитын ұлт» жобасының үздіктері анықталды
22.05.2026, 20:56
«Құрылтай феномені» атты кітап таныстырылды
22.05.2026, 20:54
Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 17%-ға өсті
22.05.2026, 20:15
Мәулен Әшімбаев ТМД Парламентаралық Ассамблея Кеңесінің отырысына қатысты
22.05.2026, 20:13
Қазақстан аусылдан таза аймақ мәртебесіне ие болды
22.05.2026, 20:13
Өңірде 16 теміржол вокзалы жөнделіп жатыр
22.05.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
22.05.2026, 20:11