Өскеменде тұрмыстық қалдықтарды ақылы қабылдай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде тұрмыстық қалдықтарды ақылы қабылдай бастады

23.12.2022

Өскеменде тұрмыстық қалдықтарды ақылы қабылдайтын алғашқы эко-пункт ашылды. Пластик, макулатура және металлдың бір келісі 15 теңгеден 150 теңгеге дейін бағаланады. Қоқыс қабылдау орны ашылған бойда кәсіпкерлер біртіндеп қағаз тапсыра бастады.

Экологтардың айтуынша, бұл жоба шаһардағы полигондардың жүктемесін азайтуға өзіндік септігін тигізеді. Сәтті жүзеге асса, тағы осындай 10 орын ашуға мүмкіндік бар. Эко-пунктте жиналған қатты қалдықтардың 40 пайызы жаңадан салынған қоқысты сұрыптау зауытына жөнелтіледі.

Бұл кәсіпорын күн сайын 25 тонна тұрмыстық қалдықтарды қабылдауға қауқарлы. Қайта өңдеуге шыны, алюминий, темір, қатты қағаз бен пластик тапсырылады.

Жұпар Қожахметова, коммуналдық кәсіпорын директорының орынбасары:

Қоқыс түріндегі шикізатты қабылдап, бір жерде жинаймыз. Сығымдаған соң Қазақстанның өзге қалаларындағы қоқыс өңдеу зауыттарына тасымалдаймыз. Жобамыз табысты жүзеге асады деген ойдамыз.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу