«Сән-салтанат» салығы 2024 жылдан бастап енгізілмек
«Сән-салтанат» салығы 2024 жылдан бастап енгізілмек. Ұлттық экономика министрінің айтуынша қазір бірнеше ведомства мен бизнес қауымдастық өкілдерінен құралған арнайы жұмыс тобы құжатты қызу талқылап жатыр. Ол Парламенттің қарауына 2023 жылы күзде жолданады. Сөйтіп, 2024 жылы байлық салығы енгізіледі дейді, Әлібек Қуантыров. Айтуынша әзірге бірнеше нұсқа бар. Оған сай еселенген салық бағалы яхтасы, жеке ұшағы, әрі бір емес бірнеше элиталы жылжымайтын мүлігі бар, көлігінің құны 100 мың доллардан асатындарға салынбақ. Тіпті көп пәтері бар азаматтар да артық салық төлемек.
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
Себебі бір жеке тұлғада бірнеше пәтер, бірнеше жылжымайтын мүлік болуы мүмкін. Сол үшін екі, үш пәтерді салықсыз қалдырамыз да, бірақ одан артық мүлікке ол қосымша артық салық төлейді.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстаудағы төтенше жағдай: 12 сараптама тағайындалды
25.09.2026, 13:15
Бірқатар лауазымды әскери тұлға күдікке ілінді
25.09.2026, 13:12
3 әскери қызметшінің мәйіті туған жеріне жеткізілді
25.09.2026, 13:06
Каспийде іздестіру жұмыстары аяқталды
25.09.2026, 13:03
Оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер
25.09.2026, 11:13
Мәскеуде Қазақстан елшілігі ғимаратындағы Ту төмен түсірілді
25.09.2026, 11:12
Ресей президенті Маңғыстаудағы сарбаздар қазасына байланысты көңіл айтты
25.09.2026, 11:10
Ауруханаға жеткізілген сарбаз есін жинады
25.09.2026, 11:09