Елге тартылған қаражат көлемі өсті
Ел экономикасына соңғы алты айда 14 жарым млрд доллар инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 28 пайызға жоғары. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлімдеді.
Оның сөзінше, жыл соңына дейін елге тартылған инвестиция көлемі 24 млрд АҚШ долларына жетеді деп жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы алдағы 7 жылдың ішінде Қазақстан экономикасына сырттан кемінде 150 млрд АҚШ долларын тарту міндетін қойған болатын. Мамандар бұл міндеттің бірте-бірте орындалып жатқанын жеткізді.
Алмас Айдаров, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
Біз үшін ең бастысы – жалпы инвестиция көлемінің өсуі емес, оның сапалы өзгеруі. Бұрын шетелдік инвестицияның құрылымында бүкіл ақшаның 70 пайызы мұнай-газ саласына тиесілі болды. Ал соңғы үш жылды алсақ, трендтің өзгергенін көріп отырмыз және мұнай-газ саласындағы инвестиция үлесі - небәрі 45 пайыз. Біз үшін басым мәнге ие салалар - сауда, ақпарат, байланыс, өңдеу секторында инвестиция өсіп келеді.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Белгілі журналист Қырықбай Аллаберген атындағы медиа зертхана ашылды
22.05.2026, 20:59
«Кітап оқитын ұлт» жобасының үздіктері анықталды
22.05.2026, 20:56
«Құрылтай феномені» атты кітап таныстырылды
22.05.2026, 20:54
Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 17%-ға өсті
22.05.2026, 20:15
Мәулен Әшімбаев ТМД Парламентаралық Ассамблея Кеңесінің отырысына қатысты
22.05.2026, 20:13
Қазақстан аусылдан таза аймақ мәртебесіне ие болды
22.05.2026, 20:13
Өңірде 16 теміржол вокзалы жөнделіп жатыр
22.05.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
22.05.2026, 20:11