Қызылордада Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай республикалық ақындар айтысы өтті
Қызылордада қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай республикалық ақындар айтысы өтті. «Сөздің кені, ойдың кемелі» атты тақырыпта ұйымдастырылған жыр додасында 12 дүлділ ақын сынға түсті.
Сөз зергерлері әлем таныған қазақтың классик жазушысы Әуезовтің есімін ардақтап, шығармашылығын дәріптеді. Өнер бәйгесін Аманжол Әлтаев жүргізіп, айтыстың ақтаңгері Айбек Қалиев, Рүстем Қайыртай, Мейірбек Сұлтанхан секілді елге танылған ақындар Сырдағы аламанның көркін қыздырды.
Киелі өнерді сағынған жұртшылық та, жыр жүйріктеріне құрмет-қошемет көрсетіп, айтыстан керемет рухани азық алды.
Рүстем Қайыртай, айтыскер ақын:
Мұхтар Әуезов әдебиетті, Абай мен адамзатты жалғастырған алтын көпірі. Сондықтан келген ақындардың әр қайсының дайындығы жақсы деп ойлаймын. Өйткені теңізден қалауынша сусындайды ғой. Бәрі де Мұхтар Әуезовті оқып өскен. Бүгінгі айтыстың құрамы да Менделеевтің кестесіндей. Өте тамаша.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Белгілі журналист Қырықбай Аллаберген атындағы медиа зертхана ашылды
22.05.2026, 20:59
«Кітап оқитын ұлт» жобасының үздіктері анықталды
22.05.2026, 20:56
«Құрылтай феномені» атты кітап таныстырылды
22.05.2026, 20:54
Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 17%-ға өсті
22.05.2026, 20:15
Мәулен Әшімбаев ТМД Парламентаралық Ассамблея Кеңесінің отырысына қатысты
22.05.2026, 20:13
Қазақстан аусылдан таза аймақ мәртебесіне ие болды
22.05.2026, 20:13
Өңірде 16 теміржол вокзалы жөнделіп жатыр
22.05.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
22.05.2026, 20:11