Басты Жаңалықтар Алматыда мүгедек балаларға жаңа жыл кеші ұйымдастырылды

Алматыда мүгедек балаларға жаңа жыл кеші ұйымдастырылды

Алматыда мүгедек балалар мен ересектерге жаңа жыл кеші ұйымдастырылды. Мерекелік шарада жүзден астам бала түрлі ойындарға қатысты. Сыйлық алып, мәз-мейрам болған олар мерекелік көңіл-күйді сезінді.

Ата-аналар ерекше балалардың осындай ортада көңілі сергіп, ашыла түсетінін айтады. Сол себепті қайырымдылық шарасының мән-мағынасы зор,- дейді әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мамандары.

Ләззат Зәкірбаева, Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры:

Олар негізі осындай шараны жақсы көреді. Биді, бұл өздерінің ортасы ғой. Өздерін емін-еркін сезінеді, қысылмай. Балаға сыйлық беріледі. Үйде қалған, келе алмайтын балаларға да апарып береміз.
Фариза Мұсақызы
Бөлісу