Украина президенті Владимир Зеленский бүгін Вашингтонға бара жатыр
Украина президенті Владимир Зеленский бүгін Вашингтонға бара жатыр. Мұны ол «Твиттердегі» парақшасы арқылы хабарлады. Украинада соғыс басталғалы Зеленский алғаш рет шетелге жол тартып бара жатыр.
Америкалық журналистердің дерегінше, Зеленский АҚШ Конгрессінің алдында сөз сөйлеп, президент Джо Байденмен кездеседі. Бұған дейін екі лидер 2021 жылы жүздескен екен. Қазір АҚШ-тың заң шығарушылары Украинаға шұғыл көмекке шамамен 45 миллиард доллар бөлу мәселесін дауысқа салмақшы.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
10.04.2026, 20:01
Ғылымға қолдау - болашаққа инвестиция
10.04.2026, 18:35
Болашақ ойындары-2026 : Волонтерлерді іріктеу басталды
10.04.2026, 18:28
Түркиядағы студенттер бауырсақ пісіріп сайысты
10.04.2026, 17:35
Таразда қолөнер шеберлерінің халықаралық фестивалі өтеді
10.04.2026, 17:33
Талдықорған - Астана бағытында пойыз жүре бастады
10.04.2026, 17:30
Ырғыз ауданында ветеринар тапшы
10.04.2026, 17:27
Ақтауда «Хакатон – жарқын идеялар» байқауы өтіп жатыр
10.04.2026, 17:25