Елордада заманауи балабақша ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада заманауи балабақша ашылды

20.12.2022

Елордада 290 орынға арналған жаңа балабақша ашылды. Білім ошағы қарқынды дамып келе жатқан шағын ауданда салынған. Онда балғындар сабақ оқудан бөлек, түрлі үйірмелерге де қатыса алады. №98 балабақша астаналық бүлдіршіндерді қабылдауға дайын. Кабинеттерде қажетті жабдықтардың бәрі бар. Жап-жаңа білім ошағы «Жағалау» шағын ауданында орналасқан.

Қасымхан Сенғазыев, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы:

Жағалаудың төңірегінде бір-ақ мемлекеттік балабақша бар. Осы да енді екінші мемлекеттік балабақша болып ашылады. Жалпы балабақшаларға қалада сұраныс үлкен. 3-6 жас арасындағы балаларды жекеменшік және мемлекеттік балабақшаларға орналастыру  99 пайыздан асты.
Бұл балабақша 50 маманды жұмыспен қамтиды. Сонымен қатар, балғындар бос уақытында каратэ, робототехника, би үйірмелеріне қатысуға жағдай жасалмақ. Одан бөлек инклюзия мен коррекциялық топтар да жұмыс істейді. Оқу қазақша жүреді. Ағылшын, орыс тілдерін қосымша сабақ ретінде енгізу жоспарланған.

Алмагүл Нұрқабылова, №98 балабақшаның меңгерушісі:

Мақсат – жаңа стандарт талабына сәйкес әрбір баланы еркін түрде дербес тұлға етіп тәрбиелеу. Екінші қабатында ерекше кабинеттер бар. Сол кабинеттерде ақылы үйірмелер, оның ішінде қазір үлкен сұранысқа ие логопед кабинетін ашуды жоспарлап отырмыз. 
«Мирас» балабақшасына кезекте тұрған бүлдіршіндер орналасады. Ал Астана бойынша бұл жастағы 56 мың бала бар. Қалада 400 мектепке дейінгі білім беру ұйымының 100 мемлекеттік.

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу