Ақтауда бір күнде үш балабақша ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда бір күнде үш балабақша ашылды

04.09.2015
Ақтауда бір күнде үш балабақша ашылды

Ақтау қаласынан жаңадан бой көтерген 33-ші шағын ауданда үш бірдей балабақша ашылды.  

Олардың әрқайсысы 280 орындық. Заманауи үлгіде салынған нысан өңірдегі мұнай компанияларының балаларға жасаған тартуы.

Мұнда балалардың тәрбиесі үшін толық жағдай жасалған. Балабақшада бейнелеу өнері, ән-саз, би үйірмелерінен бөлек бүлдіршіндердің ақыл-ойы мен сауатын ашатын сабақтар да жүргізіледі.

 

 

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу