Қатардан жеңіспен оралған Аргентина футболшыларын күтіп алуға мыңдаған адам жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатардан жеңіспен оралған Аргентина футболшыларын күтіп алуға мыңдаған адам жиналды

20.12.2022

Аргентиналықтар Қатардан елге жеңіспен оралған ұлттық құраманы күтіп алу үшін әуежайға жиналды.

Франция құрамасымен өткен ойында жеңіске жеткен Аргентина футболшылары елге таңертең жетіп, әуежай жанындағы жаттығу орталығында тынығып алады. Кейін Буэнос-Айрестегі Обелиск монументі жанында жанкүйерлермен бірге тойлайды. Осы шара үшін бүгін күллі ел аумағында демалыс жарияланды. Аргентина мен Франция футболшыларының кездесуі Әлем чемпионаты тарихында ең әсерлі финалдардың бірі аталып отыр. Ақырғы матчта қос елдің ұлттық құрамасы тең түсіп, кейін пенальтиде Аргентина Францияны 4:2 есебімен жеңді.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу