Чемпиондар мінген ұшақ Берлинге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чемпиондар мінген ұшақ Берлинге оралды

15.07.2014
Чемпиондар мінген ұшақ Берлинге оралды

Футболдан Әлем чемпиондары мінген ұшақ Бразилиядан Берлинге оралып, фан-зонадағы мыңдаған адамның үстінен ұшып өтті. Латын Америкасынан жеткен «Боинг» Бранденбург қақпасының аспанында пайда болғанда, жерде жүздеген мың жанкүйер қол шапалақтап, үлкен қошемет білдірді. Сонымен бірге, олжалы оралған футболшылар Кубокты ұстап, ел астанасының орталығынан көлікпен жүріп өтпек.

Финалда Аргентина командасын ұтқан Германия құрамасы футболдан Әлем чемпионатында осымен 4-ші мәрте жеңімпаз атанып отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу