Буэнос-Айрес орталығына миллиондаған адам жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Буэнос-Айрес орталығына миллиондаған адам жиналды

21.12.2022

Аргентина футболшылары Әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін елде сейсенбі - демалыс күні болып жарияланды. Осыған орай мемлекет астанасы Буэнос-Айрес орталығына шамамен 4 миллиондай адам жиналып, Қатардан оралған жеңімпаздарға ұлт болып қошемет білдірді.

Лионесс Месси бастаған құрама алтын жүлдемен әуейжайдан орталыққа төбесі ашық, екі қабатты автобуспен жеткен еді. Алайда оларды қаумалаған жұртта қисап болмай, тіпті ойыншыларға қауіп төнген. Сондықтан чемпиондарды полиция тікұшағына эвакуациялауға тура келді.

Жергілікті ақпарат құралдары болса, екі адамның қаза тапқанын хабарлады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу