Аргентина Швейцария құрамасын ұтып, ширек финалға жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентина Швейцария құрамасын ұтып, ширек финалға жолдама алды

02.07.2014
Аргентина Швейцария құрамасын ұтып, ширек финалға жолдама алды

Футболдан Әлем чемпионатының 1/8 финалында Аргентина құрамасы Швейцария футболшыларын 1:0 есебімен ұтты.

Матчтың негізгі уақытында есеп ашылмады. Ал кездесу тағдырын овертаймның аяқталуына екі минут қалғанда Лионель Месси пасын ұтымды пайдаланған Анхель Ди Мария соқты.

Аргенина футболшылары ширек финалда Бельгия – АҚШ жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Футболдан Әлем чемпионаты – 2014.

1/8 финал

Аргентина – Швейцария – 1:0 (0:0, 0:0, 1:0)

Гол: Ди Мария, 118.

Аргентина: Ромеро, Сабалета, Гарай, Фернандес, Рохо (Басанта, 105), Маскерано, Ди Мария, Гаго (Билья, 106), Игуаин, Месси, Лавесси (Паласио, 74).

Швейцария: Бенальо, Лихтштайнер, Джуру, Шер, Родригес, Шачири, Бехрами, Инлер, Джака (Желсон Фернандеш, 66), Мехмеди (Джемаили, 113), Дрмич (Сеферович, 82).

Ескерту алғандар: Джака, 36. Желсон Фернандеш, 73. Рохо, 90. Ди Мария, 120. Гарай, 120+3.

Төрешілер: Эрикссон, Класениус, Варнмарк (барлығы – Швеция).

1 шілде. Сан-Паулу. «Коринтианс» стадионы.

Хабарламаларға жазылу