Лионель Месси Аргентина тарихындағы үздік ойыншы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лионель Месси Аргентина тарихындағы үздік ойыншы атанды

14.12.2022

Лионель Месси кешегі жартылай финалдық ойында мундиальдағы 11-ші голын соғып, Аргентина тарихындағы үздік сұрмерген атанды. Бұған дейін бұл көрсеткіш Әлем чемпионаттарында 10 гол соққан Габриель Батистутаға тиесілі еді. Месси Хорватиямен ойында 11 метрлік айып соққысын дәл теуіп, отандасының рекордын жаңартты.

Сондай-ақ аргентиналық шабуылшы Әлем чемпионаттарының үздігі атанды. Турнир тарихында ол 11 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген. Осылайша Лионель Месси Мирослав Клозе мен Роналдодан, Герд Мюллер мен Пеледен де асып түсті.

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу