Әлем чемпионатындағы үздік 10 футболшы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем чемпионатындағы үздік 10 футболшы анықталды

12.07.2014
Әлем чемпионатындағы үздік 10 футболшы анықталды

Әдеттегідей футболдан Әлем чемпионаты аяқталғанда, жеңімпаз командамен қатар, байрақты бәсекеде әдемі ойын өрнегін көрсеткен үздік футболшы анықталады. Бұл жолы да халықаралық футбол федерациясы, яғни, ФИФА осы чемпионатта берілетін үздік ойыншы атағына үміткер 10 футболшының тізімін жариялады.

Олардың қатарында Колумбиялық Хамес Родригес, Нидерландтық Арьен Роббен, Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар, ал Германия құрамасынан төрт футболшы, олар: Томас Мюллер, Тони Кроос, Матс Хуммельс және Филипп Лам болса, Аргентинадан Лионель Месси, Хавьер Маскерано, Анхель ди Мария үмітті. Айта кетейік, 2010 жылғы Әлем чемпионатында Уругвай футболшысы Диего Форлан үздік атанған болатын.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу