Лионель Месси бесінші рет «Алтын доп» иегері атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лионель Месси бесінші рет «Алтын доп» иегері атанды

12.01.2016
Лионель Месси бесінші рет «Алтын доп» иегері атанды

Жаттықтырушылар мен ұлттық құрамалар капитандарының, сондай-ақ журналистердің дауыс беру нәтижесінде Месси өзінің клубтас әріптесі бразиялиялық Неймардан және «Реал» шабулышысы португалдық Криштиану Роналдудан басым түсті.

Лионель Мессиге марапатты 2007 жылғы «Алтын доп» иегері бразилиялық футболшы Кака тапсырды.

Месси мен Неймар Испания чемпионатының 2014/15 маусымдағы «Барселонамен» бірге ел Кубогын және Чемпиондар лигасын, Испания мен УЕФА суперкубогын жеңіп алған. Сондай-ақ, желтоқсан айында әлемнің клубтық чепионатының жеңімпазы болды. Аргентина құрамасымен Америка Кубогының финалына дейін шығып, турнирдің үздік ойыншысы атанды. 

«Алтын доп» жүлдесін 1956 жылы франциялық «France Football» журналының редакциясы тағайындаған болатын және журналистерің сауалнамасы бойынша,  Еуропаның үздік ойыншысына тапсырылады.

Айта кетейік, Лионель Месси «Алтын допты» бұған дейін 2009,  2010 2011 және 2012 жылдарда 4 жыл қатарынан алып, үздік ойыншы атанған.

Хабарламаларға жазылу