Қатар-2022: Аргентина - Әлем чемпионы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатар-2022: Аргентина - Әлем чемпионы

19.12.2022

Қатар елінде өткен футболдан Әлем чемпионаты аяқталды. Тартысты өткен финалда Леонель Месси бастаған Аргентина құрамасы жеңіске жетіп, әлемнің үш дүркін чемпионы атанды.

Финалдық матч алғашқы минуттардан тартысты өтті. Қос команданың алма кезек шабуылдары жанкүйерлерді біраз састырды. Ойынның 23 минутында төреші Франция қақпасына пенальти белгілеп, Месси бұл мүмкінікті мүлт жібермеді. Араға 13 минут салып Анхель Ди Мария да мерегендігімен көзге түсті. Бірінші таймның өзінде Скалони шәкірттері таблодағы есепті 2:0-ге өзгертті. Ойынның аяқталуына 10 минут қалғанда Килиан Мбаппе есеп айырмасын қысқартып ойынды шиеленістіре алды. Мбаппе бір минуттан кейін тағы да гол соғып , таразы басын күтпеген жерден теңестіріп кетті. 2:2.

Матч экстра таймға жалғасты. 108 минутта Месси тағы да өз командасын есепте алға шығарды. Алайда француздар ойын соңына қарай теңестіріп ұлгерді. Пенальти кезінде Мбаппе тағы қателікке жол бермеді. 3:3.

Әлем чемпионы матч соңындағы пенальтиде сериясында анықталды. Аргентина сапында 4 ойыншы да 11 метрден гол соқса, Франция сапында Коман мен Тчуамени қақапашыдан айласын асыра алмады. Араға 36 жыл салып 1986 жылдан кейін Аргентина құрамасы өз тарихында үшінші рет Әлем чемпионы атанды.

Мигель, жанкүйер:

Мен толқып тұрмын. Кешіріңіздер, біз бұл жеңісті ұзақ күттік. Барлығына ризамын.

Ерсін Еркін 

Хабарламаларға жазылу