Василий Ломаченко әлем чемпионы бола алмады
Украиндық боксшы өзінің кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегінде Орландо Салидодан жеңіліп қалды.
Спорттық мансабында екі мәрте Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы және Еуропа чемпионы атанған украиндық Василий Ломаченко кәсіби шаршы алаңдағы екінші кездесуінде әлем чемпионы мәртебесін иелене алмады.
АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында Дүниежүзілік бокс ұйымы нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін болған 57,15 келіге дейінгі салмақтағы 12 раундтық жекпе-жекте ол мексикалық Орландо Салидоға ұпай саны бойынша есе жіберіп алды.
Кездесу қорытындысы бойынша бір ғана төреші украиндық боксшының еншісіне көбірек ұпай берді, ал қалған екеуі мексикалық спортшы жеңді деп санады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алтын виза» кімдерге беріледі?
10.05.2026, 19:49
Дәрі-дәрмек нарығындағы ұрлық: 3,7 млрд теңгені жымқырған компанияны әшкереленді
10.05.2026, 19:48
Автосақтандыру жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
10.05.2026, 19:46
ШҚО-дағы шахтада бір жұмысшы қаза тапты
10.05.2026, 19:44
Шығын бар, кіріс қандай? Цифрлық саланың экономикаға пайдасы
10.05.2026, 19:40
Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырды
10.05.2026, 19:38
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06