Қарағандыда самбодан Әлем чемпионы Бейімбет Қанжановты қарсы алды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда самбодан Әлем чемпионы Бейімбет Қанжановты қарсы алды (ФОТО)

19.11.2015
Қарағандыда самбодан Әлем чемпионы Бейімбет Қанжановты қарсы алды (ФОТО)

Бүгін Бейімбет Қанжанов Мароккода өткен самбодан Әлем чемпионатынан оралды. Оны Қарағандының әуежайында жанкүйерлері қарсы алды. Олардың арасында спортшының анасы да болды.

Еске сала кетейік, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бейімбет Қанжанов (52 келі) Касабланкада (Марокко) өткен самбодан Әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.

Спорттағы жетістіктері:

Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы

2011 жыл – жастар арасындағы Азия чемпионы

2011 жыл – жастар арасындағы Әлем чемпионы

2012 жыл – Азия чемпионатының қола жүлдегері

2013 жыл – В.Харлампиевті еске алуға арналған әлем Кубогы кезеңінің жеңімпазы

- Азия чемпионы

- XXVII Жазғы Универсиаданың күміс жүлдегері

2014 жыл – ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесіне арналған әлем Кубогы кезеңінің жеңімпазы

- Беларусь Республикасының Президенті А. Лукашенконың жүлдесіне арналған әлем Кубогы кезеңінің жеңімпазы

- В.Харлампиевті еске алуға арналған әлем Кубогы кезеңінің жеңімпазы

- Болгарияда өткен әлем Кубогы кезеңінің күміс жүлдегері

2015 жыл – ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесіне арналған әлем Кубогы кезеңінің күміс жүлдегері

- В.Харлампиевті еске алуға арналған әлем Кубогы кезеңінің жеңімпазы

- халықаралық «Гран-При Париж» турнирінің күміс жүлдегері

- А.Аслахановтың жүлдесіне арналған халықаралық турнирдің күміс жүлдегері

- Касабланкада (Марокко) өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы.

Хабарламаларға жазылу