Бокстан Азия ойындарына қатысатын Ұлттық құраманың тізімі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан Азия ойындарына қатысатын Ұлттық құраманың тізімі жарияланды

11.08.2014
Бокстан Азия ойындарына қатысатын Ұлттық құраманың тізімі жарияланды

Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Азия ойындарына баратын боксшылар тізімін жариялады. Азия ойындары 19-шы қыркүйек және 4-ші қазан аралығында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтеді.

Ұлттық құрама тізімі:

49 келі: Біржан Жақыпов, Әлем чемпионы (2013 жыл), қола жүлдегері (2005 жыл), Азия ойындарының күміс жүлдегері (2010 жыл).

52 келі: Иляс Сүлейменов, Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2011 жыл).

56 келі: Қайрат Ералиев, Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2013 жыл).

60 келі: Берік Әбдрахманов,  Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2013 жыл).

64 келі: Айдар Әмірзақов, Азия чемпионы (2011 жыл).

69 келі: Данияр Елеусінов, Әлем чемпионы (2013 жыл), Азия ойындарының чемпионы (2010 жыл), Азия чемпионы (2013 жыл).
75 келі: Жәнібек Әлімханұлы, Әлем және Азия чемпионы (2013 жыл).

81 келі: Әділбек Ниязымбетов, Лондон Олимпиядасының күміс жүлдегері (2012 жыл), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2011, 2013 жылы), Азия чемпионы (2013 жыл).

91 келіге дейін: Антон Пинчук, Азия чемпионы (2013 жыл).

91 келіден жоғары: Иван Дычко, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері (2012 жыл), Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2011, 2013 жылы), Азия ойындарының күміс жүлдегері (2010 жыл), Азия чемпионы (2013 жыл).

Хабарламаларға жазылу