Қарағанды облысындағы шина зауыты алғашқы өнімін шығарды
Қарағанды облысындағы шина зауыты алғашқы өнімін шығарды. Кәсіпорын Саран қаласындағы индустриалды аймақта орналасқан.
Жаңа зауыт заманауи технологиямен жабдықталған. Барлық процессі толық автоматтандырылған өндіріс энергия тиімділігі бойынша да экологиялық талаптарға сай. Жобаны іске асыру үшін 171 млрд теңге инвестиция құйылған.
Осы жерде жылына түрлі өлшемдегі 3,5 млн автокөлік шинасын шығарып, бірінші кезекте ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз ету көзделіп отыр. Соның арқасында импортқа тәуелділік азаяды,-дейді мамандар. Сондай-ақ алдағы уақытта өнімді экспортқа жіберу жөнінде де жоспар бар. Жаңа кәсіпорын жұмысшылары өзге елдердегі зауыттарда тәжірибеден өткен.
Валерия Чеканова, инженер-технолог:
Нижнекамскідегі шина зауытында тәжірибеден өттім. Онда мен қондырғылармен жұмыс істеуді үйрендім. Сол жақтағы мамандар бізге өндірістің барлық бүге-шігесін меңгеруге көмектесті. Қазір инженер-технологпын. Осындай зауыттар көптеп ашылып, ел экономикасы дами берсін!
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Белгілі журналист Қырықбай Аллаберген атындағы медиа зертхана ашылды
22.05.2026, 20:59
«Кітап оқитын ұлт» жобасының үздіктері анықталды
22.05.2026, 20:56
«Құрылтай феномені» атты кітап таныстырылды
22.05.2026, 20:54
Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 17%-ға өсті
22.05.2026, 20:15
Мәулен Әшімбаев ТМД Парламентаралық Ассамблея Кеңесінің отырысына қатысты
22.05.2026, 20:13
Қазақстан аусылдан таза аймақ мәртебесіне ие болды
22.05.2026, 20:13
Өңірде 16 теміржол вокзалы жөнделіп жатыр
22.05.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
22.05.2026, 20:11