Қызылордада ІТ мамандары тест жауаптарын саудалаған
Қызылордада ІТ мамандар оқушылар мен ұстаздарға ҰБТ және біліктілік сынағынан өту үшін тест жауаптарын саудалап келген. Құйтырқы айла тауып, қызметін пұлдағандар мемлекетке 27 миллион 500 мың теңге көлемінде залал келтірген.
Қаладағы Ұлттық тестілеу орталығының операторы және тағы екі адам сыйбайласып, қылмыстық схеманы жүзеге асырған. Олар орталықтағы 100 компьютерге өзге құрылғылары арқылы қосылып, тест тапсырушылардың сұрақтарына дәл жауап тауып беріп отырған.
Бірақ, құзырлы орган алаяқтардың әрекетін әшкерелеп, кінәсін толық дәлелдеді. Айыпталушылар мемлекетке келтірген шығынды толық өтеп, сот бәрін үш жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырды.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04