Лондонда мыңдаған адам жалақыны көтеруді талап етуде
Ұлыбритания соңғы 40 жылда болмаған ереуілдер толқынына тап болды. Денсаулық сақтау, білім, қоғамдық көлік, байланыс саласының қызметкерлері бірнеше айдан бері жалақыларын көтеруді және еңбек жағдайларын жақсартуды талап етуде.
Соңғы уақытта пошташылардан маза қашты. Байланыс қызметкерлері кәсіподағының 115 мың мүшесі бірнеше айдан бері хат тасып емес, ереуілге шығып әлек. Салдарынан пошта операторы миллиондаған фунт шығынға ұшырады. Тығырыққа тірелген компания басшылығы келесі жылы 10 000 адамды қысқартпақ.
Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің 106 жылдық тарихында тұңғыш рет медбикелер де ереуілге шықпақ. Қымбатшылықтың зардабын тартқан шекара офицерлері, автобус және метро жүргізушілері, теміржолшылар да қалыс қалмақ екен. Биліктегілер жағдайды шешу үшін еңбекақыны көтерудің орнына көмекке әскерилерді шақырмақшы.
Надим Захави, Ұлыбритания консервативтік партиясының төрағасы:
Біз бірнеше жыл бұрын құрылған мамандандырылған әрекет тобын жұмылдырамыз. Әскерилер шекара офицерлерінің және денсаулық сақтау қызметкерлерінің орнына жұмыс істейді.
Елдегі қымбатшылық деңгейі 41 жылдық рекордты жаңартып, 11,1 пайызға жетті. Бірақ жұмыс берушілер жалақыны 3 пайызға ғана көтеруге келісіп отыр. Үкімет бірнеше рет ереуілдерді тоқтатуға шақырды. Наразы топтардың талабы орындалған күннің өзінде инфляция одан әрі күшейе түседі дейді биліктегілер.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Белгілі журналист Қырықбай Аллаберген атындағы медиа зертхана ашылды
22.05.2026, 20:59
«Кітап оқитын ұлт» жобасының үздіктері анықталды
22.05.2026, 20:56
«Құрылтай феномені» атты кітап таныстырылды
22.05.2026, 20:54
Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 17%-ға өсті
22.05.2026, 20:15
Мәулен Әшімбаев ТМД Парламентаралық Ассамблея Кеңесінің отырысына қатысты
22.05.2026, 20:13
Қазақстан аусылдан таза аймақ мәртебесіне ие болды
22.05.2026, 20:13
Өңірде 16 теміржол вокзалы жөнделіп жатыр
22.05.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
22.05.2026, 20:11