Басты Жаңалықтар Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді

Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді

Абай облысында жастар, еріктілер және түрлі ұйым өкілдері «Таза Қазақстан» республикалық акциясын уақыт өткен сайын түрлендіріп келеді. Қазір облыс көлемінде өткізілетін экологиялық шаралар тек көше тазалаумен шектелмейді. Елді мекендер, қала мен аудан орталықтарындағы ескерткіштерді ретке келтіру, өзен, көлдер жағажайын таза ұстау сынды сенбіліктер де жиілеген. Ал Семейдегі №31 мектеп «Таza Club» экологиялық ұйымын құрған. Бастапқыда мектеп оқушыларын ғана жұмылдырса, қазір ауқымы кеңейіп жастар ұйымдары мен еріктілер үлес қоса бастады. Клуб мүшелері пластик қоқыстарды жинап, сұрыптау, қағаз қалдықтарын өткізу арқылы қаржы жинайды. Сосын оны экологиялық шараларды ұйымдастыруға жұмсайды. Бүгін мектеп ауласында осындай кезекті акция өтті. Оған оқушылармен қатар қаладағы еріктілер де жұмылған. Бүгінде Абай облысында қоғамға пайдалы түрлі шаралармен айналысатын 5 мыңға жуық волонтер бар.

Олжас Бейсенбай, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы:

Биыл «Таза Қазақстанға» акциясына 3,5 мыңға жуық жас қатысты. 200 тоннаға жуық қоқыс жинадық. Әсіресе биыл «Таза жағалау» деген акцияға мән беріп жатырмыз. Өйткені Ертістің бойында орналасқаннан кейін, бізде мына көрші облыстармен бірге Ертістің бойын таза ұстайық деген арамызда бастама бар.


Бөлісу