Мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың туғанына 90 жыл
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы, композитор Кәкімбек Салықовтың туғанына 90 жыл. Осыған орай Алматыда республикалық конференция өтті. Онда ақынның өлеңдері оқылды, шығармашылығының көрмесі ұйымдастырылды.
Кәкімбек Салықов республиканың экология мәселелерімен, соның ішінде Арал теңізі мен Каспий проблемаларымен көп айналысты. Қазақ мұрасының сақталуы мен таралуына өлшеусіз үлес қосты. Оның қаламынан 800-ден астам өлең туды. Сондай-ақ, бүгін Алматыда ғалым тұрған үйдің қабырғасына ілінген ескерткіш-тақтаның ашылуы өтті. Оған Алматы әкімі Ерболат Досаев, ақын Олжас Сүлейменов, драматург Дулат Исабеков, саясаткер және қоғам қайраткерлері қатысты.
Ұлықбек Есдәулет, ақын:
Кәкімбек аға қазақтың тарихында өшпес із қалдырған адам. Мемлекеттік қызметті атқарып жүріп, қаламын тастамаған адам. Бүгін осындай тақтаның қойылып жатқаны қала жұртшылығы үшін бір ғанибет. Ол кісінің есімі әдебиет тарихынан ешқашан өшпейді.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысындағы Қаражар ауылына газ мерзімінен ерте жеткізілді
21.08.2026, 10:09
Ресейде жас ғалымдар сайлауға белсенді түрде қатыспақ
21.08.2026, 10:08
Колумбияда шахтадағы апаттан 13 жұмысшы қаза тапты
21.08.2026, 10:07
Вашингтон Ислам республикасын тарихтағы ең қатаң санкцияға алмақ
21.08.2026, 10:06
Мұнай бағасы бірден 2 пайызға қымбаттады
21.08.2026, 10:05
БҚО-да математика, химия пәндерінің мұғалімдері тапшы
21.08.2026, 10:04
Елорда әкімдігінің білім грантын иеленгендердің тізімі бекітілді
21.08.2026, 10:03
Абай облысында полиция жолда ереже бұзатындарды дронмен анықтауға кірісті
21.08.2026, 10:02