Басты Жаңалықтар Биыл Тәуелсіздікке 31 жыл: Ел еңсерген белестер

Биыл Тәуелсіздікке 31 жыл: Ел еңсерген белестер

Биыл тәуелсіздікке 31 жыл. Егемен елдің әр жылы алуан түрлі айтулы оқиғаларға толы болды. Әдеттегідей, солардың бірқатарына тоқталуды жалғастырамыз. 

2003 жыл. Нарықтық-экономикалық жүйені басты назарға алған Қазақстан белгілі бір дәрежеде жетістіктерге жеткеннен кейін, алдағы үш жылды «Ауыл жылы» деп жариялады. Осы жылы Діндер арасындағы диалогты қалыптастыру үшін Қазақстан әлемде бірінші болып әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезін өткізді.

2004 жыл. «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданды. Үш жылға жоспарланған үлкен жоба қазақ мәдениетінің өткені мен бүгінін сабақтастырды. 10 қарашада «Қазақстан Республикасы «Электронды үкіметті» қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасы» туралы Президент Жарлығы шықты.

2005 жылы 5шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астана саммитінде АҚШ-ты Орталық Азиядағы әскери базаларды шығарудың мерзімін нақтылауға шақыру туралы декларация қабылданды. Жыл Жеңістің 60 жылдығы ұранымен өтті.

Бөлісу