Астанада жеткіншектер робототехникадан сайысқа түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жеткіншектер робототехникадан сайысқа түсті

10.12.2022

Астанада робототехника бойынша қалалық сайыс басталды. Жарысқа түскен 187 команда өз құрылғыларын бірнеше күн сынақтан өткізеді. Мұндай сайыстар жеткіншектердің нақты ғылымдар саласына қызығушылықтарын арттырып, шығармашылық дағдыларын қалыптастырады.

Бұл өздігінен жүретін робот. Сайыстың шарты бойынша құрылғы жүкті көтеріп мүдірмей бір айналым жасап шығуы тиіс. Мұндай ұсақ-түйек жұмыста қателесу оңай. Сондықтан балалар бес минуттық тапсырманы орындау үшін бірнеше ай дайындалады.

Даниал Санат, сайысқа қатысушы:

Мынаның ішінде бағдарлама тұр. Және аккумуляторы бар. Энергия мына жақтан шығады. Осы роботты қасымдағы серігім екеуміз жасадық.

Сайыс жеті аталым бойынша өтіп жатыр. Онда 10-17 жас аралығындағы жеткіншектер бақ сынайды. Қатысушылар роботтарды қозғалысқа келтіріп қана қоймай, олардың бірнеше тапсырма орындап шығатынын дәлелдейді. Бұл балалардың инженерия саласында базалық білімді ерте жастан жинауына сеп болмақ.

Гаждембек Тұрсынов, «Астана дарыны» орталығының директоры:

Чемпионаттың мақсаты жалпы осы мектептерде инженерия, робототехника бағытын дамыту, балаларды соған көбірек баулу болып табылады. Осындай қалалық чемпионаттар әр өңірде өткізілетін болады және мамыр айында жоспарымыз бойынша республикалық деңгейде өткізуге біз сондай мақсат қойып отырмыз.
Робототехниканың физика, математика, информатика пәндерін жетік меңгеруге көмектеседі. Кейінгі уақытта осы қолданбалы ғылымды игеру мақсатында мектептерде жеке кабиниттер де ашыла бастады. Қазір осы бағыттағы үйірмелерге жазылушы балалардың саны да артқан.


Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу