Елордада Тоқтар Әубәкіровтің құрметіне оқу залы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Тоқтар Әубәкіровтің құрметіне оқу залы ашылды

08.12.2022

Елордада халық қаһарманы, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің құрметіне оқу залы ашылды.

Кабинет ғарыштық дизайнда жасалып, ерекше құрылғылармен жабдықталған. Онда ғарышкердің жеке мұрағатынан эксклюзивті суреттер, скафандр- костюмінің түпнұсқасы, Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшқан скафандры, зымыран тасығыш макеті қойылған.

Шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, жастар және Тоқтар Әубәкіров қатысты.

Тоқтар Әубәкіров, ғарышкер:

Бұл біріншіден, маған емес, сіздерге, біздің халыққа керек. Болашағымызға керек. Жаңа Қазақстанға керек. Осындай ойларды іске асыра беріңіздер. Жасай беріңіздер. Осында келген балалардың қанаты мықты болып, биікке ұшсын.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу