Елордада «Отандастар» оқу залы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Отандастар» оқу залы ашылды

28.02.2020

Енді оқырман қауымға елдегі және шетелдегі қандастарымыздың еңбектері қолжетімді болмақ. Цифрлы кітапханаға алыс-жақын жүрген ағайынның тарих, әдебиет, этнография сияқты түрлі тақырыптарды қаузаған 2000-нан астам туындылары қойылды. Барлық еңбектердің электронды нұсқасы бар. Демек, әлемнің кез-келген жерінде жүрген қазақтар осы мүмкіндікті пайдалана алады. Қор жұмыстарын ілгерілету үшін қаламгерлердің туындыларын жинақтау жұмыстары әлі де жалғаспақ. 

Раушан САЙЛАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу