Елордада ғалым Шора Сарыбаев атындағы оқу залы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ғалым Шора Сарыбаев атындағы оқу залы ашылды

27.10.2021

Елордада Қазақ ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор ғалым Шора Сарыбаев атындағы оқу залы ашылды. Ғалымның шығармашылығымен енді ұлттық академиялық кітапханада танысуға мүмкіндік бар. Тұсаукесер шараға еліміздің зиялы қауым өкілдері қатысты. Жаңа оқу залы диалектология, морфология, лексикология, лексикография, библиография, тіл тарихы, аударма сияқты тіл біліміне қатысты ғылмның 5 мыңнан аса еңбегімен толықты.

Ашылу салтанаты бұдан әрі ғылыми конференцияға ұласты. Шора Сарыбаевтің тағылымдық-танымдық еңбектері мен ғибратты ғұмыры өскелең ұрпаққа өнеге. Жиында ғалымның шығармашылық жолына арналған баяндамалар оқылды. Шора Сарыбаев саналы ғұмырын тіл білімі жолында сарп етті. Қазақ тілі диалектологияның негізін қалады. 300-ден астам ғылыми еңбек, 20-дан астам монография жазған.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу