Мәжіліс «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Кез-келген азамат мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың жұмысын бақылай алуы мүмкін. Мәжіліс «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Президент пәрменімен әзірленген құжат «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына негізделген.
Қоғамдық бақылау жүргізетін азаматтар мекеме немесе компаниядан ақпарат сұратуға, нысандардың әрекетсіздігіне шағымдануға құқылы болады. Қорытынды құжаттар 10 күн ішінде қаралып, дәлелді жауап берілуі тиіс. Қоғамдық бақылауға 18 жасқа толмаған, соттылығы бар, наркологиялық немесе психикалық есепте тұрған адамдар жіберілмейді.
Заң аясында онлайн-петиция беру тәртібі де реттеледі. Құжат енді екінші оқылымда қаралады.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Сол арқылы енді ұсыныстар, хабарламалар, елдің тілегі рәсімделіп, мемелкеттік құрылымдар немесе құрылымдар оларға жауап беруге міндеттеледі. Сондықтан бұл да азаматтық қоғамның қалыптасуына жасалған оңды қадам деп бағалаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16