ОПЕК+ өндіріс көлемін өзгертпеуге келісті
ОПЕК пен оның одақтастары мұнай өндірісі көлемін өзгертпеуге келісті. Өйткені қазір Қытай экономикасы баяулап, энергетикалық шикізатқа сұраныс азаяды деген қауіп туындап отыр.
Бұған қоса, бүгін «Үлкен жетілік» Ресей мұнайының бағасын шектеуге кірісті. Айта кетсек, ОПЕК+ қазан айында «қара алтын» шығаруды тәулігіне 2 миллион баррельге қысқартып отыруға уағдаласқан еді. Сол мәміле қарашада күшіне еніп, 2023 жылдың аяғына дейін әрекет етуі керек.
АҚШ пен Батыстың өзге елдері осы шешімнен кейін Сауд Арабиясы бастаған ОПЕК-ті Ресейдің жағына шықты деп айыптады. Алайда Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының мәлімдеуінше, жаһандық экономикалық өсім төмендеп, доллар күшейіп жатқан шақта көмірсутегін көптеп өндіру тиімсіз болар еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада күрес түрлерінен Әлем чемпионаты өтеді
23.05.2026, 20:08
Ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Арын жайлы монография жарық көрді
23.05.2026, 20:06
Балаларға арналған сауықтыру орталығы салынады
23.05.2026, 20:05
Ең үлкен зымыран сынақтан өтті
23.05.2026, 20:05
Қытайда шахтадағы жарылыстан 90 адам қаза тапты
23.05.2026, 20:05
Кәсіпкерлерге Салық кодексінің талаптары түсіндірілді
23.05.2026, 20:04
Соңғы қоңырау қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
23.05.2026, 20:03
«Auyl Invest Fest. Қой шаруашылығы» ІІ Халықаралық фестивалі өтті
23.05.2026, 20:03