Екібастұзда үйлерге жылу беріле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда үйлерге жылу беріле бастады

01.12.2022

Екібастұздағы басты көшедегі негізгі ақау шыққан 52-ші орталық жылу пунктіндегі магистральге ыстық су жіберіліп, жылу электр орталығы температураны 93 градусқа дейін арттырды. Кеше кешкісін жөндеу жұмыстарының күрделілігіне байланысты үш шағын ауданда ажыратылған 132 көпқабатты, 114 жекеменшік және 13 әлеуметтік нысан жылуға қайта қосылды. Әзірге 17 көпқабатты үйде жылу жоқ. Стансада 6 қазандық жұмыс істеп тұр. Тағы 4-і резервте. Ішкі желілерде қысымды бірден ұлғайту мүмкін болмағандықтан пәтерлер салқындап кеткен. Сондықтан қалада электр энергиясын тұтыну күрт өсті. 36мВт тан 52 мВт қа дейін.

Әбілқайыр Сқақов, облыс әкімі:

Осы 5 мың жылытқыштарды таратқаннан кейін әрине 50-52мВт қа өсті. Біріншіден осы қайта есептеуді компания жылу жағынан міндетті түрде өз қалтасына алады. Барлық тұрғындарға өлшеп береді.


Хабарламаларға жазылу