Екібастұздағы жағдай: Жылу желісін жөндеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұздағы жағдай: Жылу желісін жөндеп жатыр

05.01.2023

Бүгін таңертең Екібастұзда 3 көпқабатты және 319 жер үй мен 11 коммерциялық нысан жылудан ажыратылды. Себебі жылу құбырларын жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Желіде 80-нен аса ақау табылған. Олар біртіндеп жөнделеді.

Осы аралықта үйлерге жылу беру уақытша тоқтатылып отырмақ. Станция өкілдерінің хабарлауынша, бүгін кешкі сағат 20:00-де нысандарға жылу қайта беріледі. Қазір Екібастұздағы жылу орталығында 5 қазандық қана жұмыс істеп тұр. Қалған 5-еуін жөндеп жатыр.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу