Бас қала жылыту маусымына дайын ба? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас қала жылыту маусымына дайын ба?

02.10.2023

Бүгін еліміздің солтүстік өңіріндегі елдімекендерде жылу беріле бастады. Былтыр бірнеше қалада құбырлар жарылып, қазандықтарда апат болғаны бәріміздің есімізде. Сондықтан әріптестерім күні бойы жергілікті әкімдіктермен байланысып, маусымға қаншалықты дайын екенімізді анықтап көрген еді. Бірнеше қалада күн суыса қалтырап қалу қаупі де бар екен. 

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Бүгін Астана қаласы мен солтүстікте орналасқан 6 облыста жылыту маусымы басталды. Дегенмен барлық тұрғын үйлерге жаппай жылу беріліп жатқан жоқ. Жылыту тек әлеуметтік нысандарда басталды. Мәселен қазір Астанада 116 мектеп, балабақша, аурухана сияқты нысан жылытылып жатыр. Олардың барлығы өтінім бойынша қосылады. Жалпы жылыту белгілі бір күнде датада басталмайды. Әр аймақта әр түрлі. Мысалы астана қалалық мәслихаттың мынадай шешімі бар. Жылыту маусымы бес күн ішінде орташа тәуліктік температура +10 градус және одан төмен болған кезде басталады. Ал синоптиктердің болжамы бойынша, Алдағы күндері күн жылы болады. Сондықтан қаланың барлық нысанына жылу қашан берілетіні әзірге белгісіз.


Хабарламаларға жазылу