«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мақұлданды
Үкімет «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын мақұлдады. Оқу-ағарту министрінің айтуынша, ауқымды бағдарлама үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін толық шешуі тиіс. Осы мақсатта 2025 жылға дейін 400-ден аса мектеп салынбақ. Ол үшін бюджеттен 2 трилион 600 миллиард теңге қарастырылмақ. Әрі құрылысқа, жемқорлардан өндірілген ақша да жұмсалады, дейді министр. Айтуынша, соңғы 10 жылда оқушы саны 1 миллионға артып, 3,5 млн-ға жеткен. 800 мыңнан аса оқушы үшін қазір орын тапшы. Мәселені шешу үшін салынатын жайлы мектептердің қазіргі білім ордаларынан айырмашылығы көп.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Оқу-ағарту министрі:
Қазір салынатын мектептер ауылда да қалада да бірыңғай стандартпен салынатын болады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектеп ғимаратын жекелеген блоктарында оқиды. Сәйкесінше олардың өз оқу кабинеттері, өз әжетханалары, өз спортзалдары болады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасалады. Бейнебақылау, дыбыстық дабыл секілді қауіпсіздікті қарастырдық.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49