Елордада «Мың бала» жобасының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Мың бала» жобасының жеңімпаздары марапатталды

28.11.2022

Елордада «Мың бала» жобасының жеңімпаздары марапатталды. Мемлекеттік тілді дамытуға арналған республикалық байқау биыл осымен 7-рет ұйымдастырылып отыр.

Байқау Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мұрындық болуымен өтіп келеді. Биыл оған қатысуға 9 мыңнан астам оқушыдан өтініш түскен. Басым бөлігі орыс, неміс секілді өзге ұлт өкілдері. Олар өз өңірінде өткен жарыста қазақша ән айтты, поэзия оқып, домбыра шертті. Енді үш наминация бойынша топ жарған 43 бала марапаттау рәсіміне Астанаға жиналып отыр. Шара барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жеңімпаздарды құттықтап, соңғы жылдары еліміздегі барлық этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруге құлшынысы артып келе жатқанын жеткізді. Ал мақтау қағаздары мен сыйлықтарға ие болған жастар кейін өз өнерлеріп көрсетіп, шағын концерт қойды.

Нұрхат Ораш, «Қоғамдық келісім» мекемесі директорының орынбасары:

Қазіргі мәжіліс депутаты Геннади Шиповских те осы жобаның бастапқы кезеңдеріндегі қатысушысы екен. Яғни осылай республикалық деңгейге көтеріліп, осындай жарыстарға қатысып, өзінің бастауын сол жақтан алған екен. Сол секілді жарқын жұлдыздарымыз, мәжіліс депутаттары, қазақ тілін кеңінен насихаттаушы жастарымыз осындай конкурстар арқылы шығады деп ойлаймыз.


Хабарламаларға жазылу