БҚО-да «Жайық жастары» бағдарламасымен үй алуға өтініш қабылдау басталады
Республика күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысында «Жайық жастары» бағдарламасымен үй алуға өтініш қабылдау басталады. Әлеуметтік жобаға 21 мен 35 жас аралығындағы өңір тұрғындары қатыса алады. Бұған дейін 106 жас армандаған баспаналарына қол жеткізді. Биыл үшінші транш бойынша банкке облыс бюджетінен 1,6 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 90 жасқа пәтер беру көзделіп отыр. Бағдарлама бойынша тұрғын үй сатып алудың шекті бағасы 18 млн теңге. Несие беру уақыты 19 жылға дейін. Несиенің пайыздық мөлшерлемесі 5%, ал бастапқы жарна 10%-дан төмен болмауы тиіс. Құжат қабылдау қазанның 20-сынан 31-іне дейін жүреді.
Дархан Қадырәлиев, облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы:
Бұл бағдарламаға қатысу үшін ҚР азаматтығы болуы, қатысушының жасы 21-35 жас аралығындағы ерлі-зайыптылардың біреуі ғана құжат тапсыра алады. Сонымен қатар соңғы 1 жыл ішінде облыста тұрақты тіркеу, кем дегенде соңғы 1 жылда зейнетақы аударымы, соңғы 5 жылда қатысушының және отбасы мүшелерінің атында тұрғын үй болмауы керек.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00